«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық салаларындағы кәсіптік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 163 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 4 қарашадағы № 561 бұйрығы
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық салаларындағы кәсіптік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 163 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Пісіру жұмыстары» кәсіптік стандарт осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Сылақ жұмыстары бойынша жұмысшылар» кәсіптік стандарт осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Шатыр жабу жұмыстарының жұмысшылары» кәсіптік стандарт осы бұйрыққа 3 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Құбыр төсеу жұмысшылары» кәсіптік стандарт осы бұйрыққа 4 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5) жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстарды салу жұмыстары» кәсіптік стандарт осы бұйрыққа 5 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6) жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Сумен жабдықтау, жылыту және ауаны баптау жүйелерін монтаждау бойынша жұмысшылар» кәсіптік стандарт осы бұйрыққа 6 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
7) жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Сырлау ісі» кәсіптік стандарт осы бұйрыққа 7 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;